27
ақпан
2026
Жақсылық – тәрбиенің көрінісі
Мектебіміздің 8 «Б» сынып оқушылары қасиетті Рамазан айында игі бастама көтеріп, ораза ұстаған ұстаздарға ауызашар уақытында су таратты.
Бұл - кішкентай ғана әрекет болғанымен, оның тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың үлкенге құрмет көрсетуі, жанашырлық танытуы мен ізгі ниеті – олардың рухани құндылықтарды бойына сіңіріп келе жатқандығының айқын дәлелі.
Осындай саналы әрі мейірімді шәкірттерімізбен мақтанамыз. Жас ұрпақтың жүрегіндегі имандылық пен адамгершілік қасиеттері мектеп қабырғасында берілетін тәрбиенің нәтижесін көрсетеді.
Жақсылық жасау үшін үлкен мүмкіндік емес, шынайы ниет жеткілікті.
https://www.instagram.com/p/DVSOFQYCrm9/?hl=ru









