02
наурыз
2026
Жақсылық пен ризашылыққа арналған мерекелік іс-шара
1 наурыз – жүректегі ризашылық пен жылы лебізді білдіретін ерекше мереке. Бұл күн – үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру және бір-бірімізге мейірім мен қамқорлық көрсету мүмкіндігі.
Мектебімізде Алғыс айту күніне арналған концерттік іс-шара ұйымдастырылды, онда оқушылар мен ұстаздар алғыс білдірудің түрлі көріністерін көрсетті.
Осы мерекеде әрқайсымыз өмірімізге жарық сыйлаған адамдарға – ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға және жақындарымызға алғыс айтуға асығайық. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларына білім мен тәрбие жолында бірге еңбек етіп жүргендері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлігіміз бекем, жүрегіміз мейірімге толы болсын!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Жақсылық пен ризашылық әр шаңырақтан табылсын! https://www.instagram.com/p/DVgwDaginfy/?hl=ru