13
наурыз
2026
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Көрісу күні мерекесі ұйымдастырылды
14 наурыз күні Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін Көрісу күні ерекше мазмұнда аталып өтті.
Мектеп ауласында ұлттық салт-дәстүрге сай қазан көтеріліп, бауырсақ пісіріліп, самауырдан шай дайындалды. Киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы дастархан жайылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.
Іс-шара барысында білім алушылар, ата-аналар және ұстаздар домбыра мен жетігеннің әуенімен қарсы алынып, бір-біріне ізгі тілектерін арнап, көрісіп қауышты. Бұл күні қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін тағы бір мәрте жаңғыртты.
Аталған мерекелік шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың бірі болды.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен бұл игі бастама мектеп қауымдастығына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.
Көрісу күніне арналған іс-шараның толық бейнесін мектептің Instagram парақшасынан тамашалай аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DV1-vZDiqnQ/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DVz1-bsCuBE/?hl=ru

\