21
қаңтар
2026
Жетістіктерге толы жартыжылдық: үздік оқушылар марапатталды
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында 8–11 сынып оқушылары арасында 2025–2026 оқу жылының І–ІІ тоқсан қорытындысы бойынша жетістіктерді саралау және үздік білім алушыларды марапаттау рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды.
Аталған кезеңде білім алушылар мектепішілік және аудандық олимпиадаларға, түрлі зияткерлік және шығармашылық байқауларға, сондай-ақ ғылыми жоба жарыстарына белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Оқушылар өз білімдері мен қабілеттерін жан-жақты дәлелдеп, мектеп абыройын көтеруге зор үлес қосты.
Қорытынды бойынша жүлделі орындарға ие болған және оқу мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан 8–11 сынып оқушылары грамота, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп әкімшілігі білім алушылардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне сенім білдіреді.
https://www.instagram.com/p/DV8Zjb2CtpP/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DV8bb2BClSL/?hl=ru

Толығырақ ақпаратпен төмендегі сілтеме арқылы мектептің ресми Instagram парақшасына кіріп, іс-шарадан толық фото және бейнематериалдарды көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DV8Qfgaig9f/?hl=ruhttps://www.instagram.com/p/DV8Zjb2CtpP/?hl=ru