«Оқу мен есеп – ептілердің жарысы» эстафеталық сайысы
20 қазан күні бастауыш апталығының қарсаңында мектебімізде 1-сыныптар арасында «Оқу мен есеп – ептілердің жарысы» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – жас оқушылардың мектеп өміріне бейімделуіне ықпал ету, білімге деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа және достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу болды.
Жарысқа қатысушылар түстер бойынша топтарға бөлінді: Ақ, Жасыл, Сары, Қызыл, Қызғылт, Көк және Сұр топтары. Әр топ оқу және есеп тапсырмаларын орындап, жылдамдық пен дәлдікті талап ететін кезеңдерде өз білімдері мен ептіліктерін көрсетті.
Жарыс барысында оқушылар түрлі танымдық тапсырмалар мен қимыл-қозғалыс ойындарына қатысып, өздерінің тапқырлықтары мен белсенділіктерін танытты. Әр сынып ұйымшылдық танытып, ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет етудің жарқын үлгісін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен топтар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, мектепке деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.





