06
наурыз
2026
Көктеммен бірге келген көркем мереке
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай білім ордамызда мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті. Аталған мереке аясында 11-сынып оқушылары мектеп холында салтанатты дәліз құрып, ұстаздар қауымын қызыл кілем үстімен зор құрметпен қарсы алды.
Іс-шара барысында оқушылар тарапынан ұстаздарға жүрекжарды құттықтаулар мен ізгі тілектер жолданып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Бұл бастама білім алушылардың ұстаздарға деген терең құрметі мен алғысының айқын көрінісі болды.
Мектеп әкімшілігі атынан аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған 11-сынып оқушыларына алғыс білдіреміз. Барша ұстаздар қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
Мерекелік атмосфераның толық бейнеролигін мектебіміздің Instagram парақшасынан көре аласыздар 🎥 https://www.instagram.com/p/DV3v_v0CmW2/?hl=ru