20
сәуір
2026
Газет пен журналдан – кітапқа қадам
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында мазмұнды іс-шара өтті.
Онкүндіктің 3-күні «Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол» тақырыбында 4 «Ж» сынып оқушыларының қатысуымен танымдық шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар балаларға арналған газет-журналдармен танысып, олардың кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудағы маңызы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің сүйікті басылымдары жайлы ой бөлісіп, кітаптың рухани тәрбие мен білім берудегі рөлін тереңірек түсінді.
Аталған іс-шара оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Іс-шарадан толық ақпаратты және фотосуреттерді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.https://www.instagram.com/p/DXWHl53ir9-/?hl=ru


