Ұлттық кітап күніне орай онкүндіктің ашылу салтанаты өтті
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай №148 мектеп-гимназиясының кітапханасында онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау және рухани құндылықтарды дәріптеу болды.
Шара барысында кітапханашылар оқушыларға кітаптың маңыздылығы, оның адам өміріндегі рөлі туралы мазмұнды ақпарат беріп, оқуға деген ынтаны арттыруға бағытталған әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, би билеп, өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған бұл сәттер іс-шараның мазмұнын одан әрі байыта түсті.
Аталған іс-шара оқушылардың рухани дамуына оң ықпал етіп, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Іс-шараның бейнематериалын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DXKLlGCijP5/?hl=ru








