25
сәуір
2026
Таза орта – ортақ іс: мектеп ұжымының сенбілігі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының ұжымы жалпы республикалық сенбілікке белсенді түрде атсалысты.
Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері бірлесе еңбек етіп, мектеп аумағын тазалау және көгалдандыру жұмыстарына қатысты. Әрбір ұжым мүшесі ортақ іске жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлесін қосты.
Сенбілік – ұжымдық бірліктің, ынтымақ пен ортақ мақсатқа деген адалдықтың жарқын көрінісі болды. Мұндай игі бастамалар табиғатқа деген қамқорлықты арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Таза орта – денсаулық пен жақсы көңіл-күйдің кепілі, ал ортақ еңбек – ұйымшыл ұжымның көрсеткіші.
Видеоматериал төмендегі сілтемеде қолжетімді.https://www.instagram.com/p/DXi_FOpinhf/?hl=ru






































