28
сәуір
2026
Балалық шақ бояулары: My Kids паркінде өткен жарқын күн
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 6 “Ғ” сынып оқушылары сынып жетекшісі Нұрсұлтанова Айгерім Ардаққызының ұйымдастыруымен «My Kids» паркіне барып, мазмұнды әрі көңілді демалыс өткізді.
Сабақтан тыс уақытта оқушылар өзара тиімді қарым-қатынас орнатып, бірге ойнап, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Бұл күн балалар үшін жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды.
Мұндай іс-шаралар сынып ішіндегі ынтымақтастықты нығайтып, достық қарым-қатынасты арттыруға және жағымды орта қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен өзара сыйластық мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
💫 Бұл күн – оқушылардың балалық шақ естеліктерінде сақталатын жарқын сәттердің бірі.
Толық видеоны төмендегі сілтемеден көре аласыздар.https://www.instagram.com/p/DXr8GjLinAl/?hl=ru
















