Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандар онкүндігі: өнермен өрілген жарқын финал
16
сәуір
2026

Жас мамандар онкүндігі: өнермен өрілген жарқын финал

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында жас мамандар онкүндігі аясында мазмұнды және шығармашылыққа толы «Екі жұлдыз» қорытынды іс-шарасы ұйымдастырылып, онкүндік салтанатты түрде жабылды.

Іс-шара барысында жас мамандар мен тәлімгерлер өз өнерлерін ортаға салып, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар қазақ және ағылшын тілдерінде ән орындап, би билеп, көркем прозадан үзінді оқып, сондай-ақ қолөнер бұйымдарын таныстырып, жоғары деңгейдегі өнерлерімен көрермен ықыласына бөленді.

Мұндай іс-шаралар жас мамандардың жан-жақты дамуына зор мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді. Сонымен қатар, ұжымдық ортаға тез бейімделуіне, әріптестерімен еркін қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуына жол ашады. Осындай орта жас мамандардың өзіне деген сенімін арттырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге және ортақ мақсатқа бағытталған біртұтас ұжымның белсенді мүшесі болуына септігін тигізеді.

























Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: