Soft Skills – болашақ құзыреттілігінің негізі: педагогикалық тандем тәжірибесі
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар мен тәлімгерлердің кәсіби тәжірибе алмасуын жетілдіру мақсатында «Бастауыш сынып оқушыларына арналған Soft Skills: қалай және не үшін дамыту керек?» тақырыбында педагогикалық тандем өткізілді.
Аталған іс-шараға №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, тәлімгер – Нургожина Ляйля Каскановна және жас маман, тәлімалушы – Қалқанбай Аяулым Ардаққызы қатысты. Олар өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби біліктілікті арттыру бағытында мазмұнды жұмыс жүргізді.
Тандем барысында Soft Skills дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі тренингтер ұйымдастырылып, жас мамандардың кәсіби қызығушылығы мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етілді. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық дамуын қолдаудағы тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды.
Мұндай тәжірибе алмасу алаңдары педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Толық материалды төмендегі сілтемеден көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DXqbiS6iqrK/?hl=ru&img_index=2





