Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Эстетика кафедрасының онкүндігі аясында «Әуенді әлем» іс-шарасы ұйымдастырылды
04
наурыз
2026

Эстетика кафедрасының онкүндігі аясында «Әуенді әлем» іс-шарасы ұйымдастырылды

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында эстетика кафедрасының онкүндігі аясында «Әуенді әлем» атты оқушылармен бірлескен сабақтан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие беру.
Кеш барысында үйірме жетекшілері мен оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бағдарлама аясында домбыра, хор, би және театр үйірмелерінің қатысушылары сахнада өнер көрсетіп, өз шеберліктерін танытты.
Үйірме жетекшілері:
Домбыра – Қойлышев Серіккүл
Хор – Тулегенова Карлыгаш
Би – Назигүл апай
Театр – Спан Еламан
Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтті. Оқушылар сахнада өз өнерлерін еркін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін таныта білді.
Осындай мәдени-эстетикалық бағыттағы іс-шаралар оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DVbQ7I5ivvz/?hl=ru










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: