30
сәуір
2026
Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғам
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында білім алушылар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына, өмір сапасына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әрекеттерден аулақ болуға бағыт беру және саналы таңдау жасауға тәрбиелеу.
Мектеп ұжымы оқушыларды денсаулықты сақтауға, жауапкершілікті болуға және жарқын болашақ үшін дұрыс өмірлік ұстаным таңдауға шақырады.
Денсаулық – баға жетпес байлық
Болашақ – әр адамның өз қолында
Есірткіге – ЖОҚ!