Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықтық сауаттылық – саналы ұрпақ негізі
07
сәуір
2026

Құқықтық сауаттылық – саналы ұрпақ негізі

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында білім алушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесуге Жетісу ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Алимбаев Данияр Алиевич, Жетісу ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Абдикалиев Даурен және мектеп инспекторы Сальменов Рауан қатысып, құқықбұзушылықтың салдары мен оның қоғамға тигізетін әсері туралы нақты мысалдар келтірді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тәртіптілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DW00VV9CkQM/?hl=ru








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: