Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім мен шеберлік сайысы: аудандық жас инспекторлар слеті
29
сәуір
2026

Білім мен шеберлік сайысы: аудандық жас инспекторлар слеті

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Жетісу ауданы білім мекемелерінің жас инспекторлар отрядтарының аудандық слеті ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауданның 7 үздік мектебінен келген командалар қатысып, өздерінің білімдері мен практикалық дағдыларын жан-жақты көрсетті.

Бағдарлама аясында қатысушылар:
– өзін-өзі таныстыру кезеңінен өтті;
– сұрақ-жауап бөлімінде білімдерін сынға салды;
– алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті;
– велосипедпен түрлі кедергілерден өту арқылы шеберліктерін паш етті.

Аталған слет оқушылардың жауапкершілігін арттыруға, жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.

Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.


Сілтемені басу арқылы толық нұсқамен таныса аласыздар https://www.instagram.com/p/DXv7SQ9KOTp/?hl=ru


















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: