Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жолда қауіпсіздік сабақтары: практикалық жаттығу
11
ақпан
2026

Жолда қауіпсіздік сабақтары: практикалық жаттығу

Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған арнайы тәрбие сағаты аясында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша іс-шара өтті. Шараға жол ережелерін түсіндіру мақсатында мектепке жол инспекторы шақыртылды.

Инспектор оқушыларға көшеде жүру ережелерін, жаяу жүргінші ретіндегі қауіпсіздік талаптарын, жол белгілерін дұрыс пайдалану тәртібін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, теориялық сабақтан кейін оқушылармен бірге нақты көшеде практикалық жаттығу өткізілді. Балалар жаяу жүргінші жолымен өту, бағдаршамның сигналдарын сақтау және жол бойында қауіпсіз жүріс-қимыл жасау дағдыларын тәжірибеде көрсетті.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жолда жауапкершілікпен жүруді үйретуге және жол апаттарының алдын алуға бағытталған.

Оқушылар белсенділік танытып, жол қозғалысы ережелерін дұрыс сақтаудың маңызын жақсы меңгерді.













Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: