08
мамыр
2026
Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат: ардагерлерге тағзым
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының директоры мен оқушылары ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында ардагерлерге ізгі тілектер мен шынайы алғыстар айтылып, құрмет көрсетілді. Оқушылар майдангер аталардың ерлікке толы өмір жолы, соғыс жылдарындағы бастан кешкен оқиғалары туралы тыңдап, тағылымы терең әңгімелердің куәсі болды.
Ардагерлердің жүрекжарды батасы мен жылы лебіздері жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі болып табылады. Бұл – отансүйгіштікке, ерлікке және ел тарихына деген құрметті арттыратын маңызды тағылымды кездесу.
Батыр бабалардың ерлігі – мәңгілік.
Ерлікке тағзым – ұрпаққа парыз!













