14
мамыр
2026
«Дабылға дайындық»: №148 мектеп-гимназиясында сейсможаттығу ұйымдастырылды
14 мамыр күні №148 мектеп-гимназиясында қалалық сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу барысында бастауыш сынып оқушыларына жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, дабыл белгісі берілген сәтте парта астына жасырыну әрекеттері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Сонымен қатар эвакуациялау тәртібі таныстырылып, төтенше жағдай кезіндегі дұрыс іс-әрекет алгоритмдері пысықталды. Оқушылар жаттығуға белсенді қатысып, қауіпсіздік талаптарын жоғары деңгейде орындады.
Мұндай тәжірибелік шаралар балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, шұғыл жағдайда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Толығырақ төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DYUjReYKj3U/?hl=ru