Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түлектер аллеясы» — табиғатқа тағзым, болашаққа қамқорлық
17
мамыр
2026

«Түлектер аллеясы» — табиғатқа тағзым, болашаққа қамқорлық

№148 мектеп-гимназиясының оқушылары экологиялық бастамаға атсалысты

Алматы қаласындағы Медеу паркінде AlmaU университетінің ұйымдастыруымен «Түлектер аллеясы» жобасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара аясында сирек кездесетін Malus Sieversii алма ағашының 50 түбі отырғызылды.

Аталған экологиялық әрі тәрбиелік мәні зор шараға №148 мектеп-гимназиясының эко-клуб мүшелері де белсенді қатысып, табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Іс-шараға университет басшылығы, түлектер, оқытушылар мен қызметкерлер қатысып, жас ұрпаққа қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңызын насихаттады.

Мектебіміздің оқушылары осындай игі бастамалардың бір бөлігі болғанына қуаныштымыз. Табиғатты аялау — болашаққа жасалған қамқорлық 


Қосымша ақпаратты сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DYZy8ivIogJ/?hl=ru









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: