Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларға жол қауіпсіздігі тәжірибелік форматта түсіндірілді
18
мамыр
2026

Оқушыларға жол қауіпсіздігі тәжірибелік форматта түсіндірілді

Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен, Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасы және Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп «Балалар және жол: қауіпсіздік аумағы» жобасы алғаш рет іске қосылды.

Жобаның негізгі мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін тәжірибелік форматта түсіндіру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында жол қауіпсіздігін түсіндіруде көрнекі оқыту әдістері қолданылып, арнайы манекендер, жол белгілері және тәжірибелік көрсетілімдер арқылы жол-көлік оқиғалары кезінде туындайтын қауіпті жағдайлар мен олардың алдын алу жолдары көрсетілді.

Сонымен қатар, оқушыларға жаяу жүргінші мәдениеті, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қауіпсіз қозғалыс алгоритмдері және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету тәсілдері тәжірибелік форматта таныстырылды.

Аталған жоба оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы білімін арттырып, жолдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Іс-шараның толық нұсқасын сілтеме арқылы көре аласыздар. ​https://www.instagram.com/p/DYe0iunq9OY/?hl=ru​​​















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: