18
мамыр
2026
Ағылшын тілі мұғалімі – ГРАН-ПРИ жеңімпазы
Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Курманбай Алима Бахытжанқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Beta High School» ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен 35 жасқа дейінгі ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасындағы республикалық байқауда ГРАН-ПРИ иегері атанды.
Аталған байқау педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи оқыту әдістерін дамытуға және шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған.
Жеңімпаз ретінде Курманбай Алима Бахытжанқызы IELTS емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігіне ие болды.
Мектебіміздің ұстазын жоғары жетістігімен құттықтаймыз және алдағы кәсіби қызметіне табыс тілейміз!
