«Ұлағаттың басында ұстаз тұрар...»
Жас ұрпаққа білім берумен қатар қазіргі заманға сай тәрбиелі, саналы, өнегелі шәкірт тәрбиелеу ісіне аса жауапкершілік танытқан Фатима Маметқалиқызының №148 мектеп-гимназия қабырғасында басшылық еңбегі өлшеусіз. Әрқашан ұжым арасында ұйымшылдықты, татулықты ту етіп ұстап, барлығын бірдей көздеген мақсатқа жұмылдыратын Фатима Маметқалиқызы аталған білім ордасын 14 жыл үздіксіз басқарды. Қашанда жарқын жүзді, кең жүректі білім ордамыздың алғашқы анасындай, көреген данасындай болған ұстаздардың