Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасанды интеллект пен STEAM бағытындағы аудандық TEDx іс-шарасы
30
қаңтар
2026

Жасанды интеллект пен STEAM бағытындағы аудандық TEDx іс-шарасы

30 қаңтар күні №148 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аудандық TEDx форматындағы танымдық іс-шара өткізілді. Аталған шараға аудан мектептерінен келген дарынды оқушылар қатысып, білім мен идеялар тоғысқан үлкен алаңда бас қосты.

Іс-шара екі кезең бойынша ұйымдастырылды.
I турда қатысушылар «Жасанды интеллект» тақырыбы аясында 1,5–2 минут көлемінде өз ойларын еркін жеткізді. Оқушылардың ой ұшқырлығы, сөйлеу мәдениеті мен заманауи көзқарасы қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

II турда оқушылар STEAM әдістемесіне негізделген топтық тапсырмаларды орындап, креативті ойлау, логикалық талдау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Топтық жұмыс нәтижелері:

🥇 I орын
Сабыр Нұрымхан – №109 ЖББМ
Баймұрат Толқын – №2 ЖББМ
Төлеген Томирис – №57 ЖББМ
Манай Гүлдариға – №43 ЖББМ

🥈 II орын
Айбекқызы Керім – №148 МГ
Нурмухамедова Жасмин – №110 МГ
Бейбітқызы Айман – №137 МГ

🥉 III орын
Хаджиева Талифа – №193 ЖББМ
Олжатай Махаббат – №177 МГ
Мүслім Аиша – №3 ЖББМ

🏆 Бас жүлде иегерлері:
Рустамқызы Сымбат – №108 МГ
Серікжан Фатима – №148 МГ
Таубалды Амина – №148 МГ

Іс-шара соңында барлық қатысушылар сертификаттармен, ал ерекше ойымен, шешендігімен көзге түскен оқушылар арнайы номинациялармен марапатталды.

Аталған TEDx іс-шарасы оқушылардың жасанды интеллект пен STEAM бағытындағы білімін тереңдетіп, шығармашылық әлеуетін арттыруға және болашаққа деген сенімін нығайтуға зор ықпал етті.

https://www.instagram.com/p/DUTgiw4CuM2/?hl=ru


















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: