Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар бақылауы – сапалы асхана кепілі
02
ақпан
2026

Ата-аналар бақылауы – сапалы асхана кепілі

Мектебімізде ата-аналардан құралған бракераждық комиссия тарапынан мектеп асханасының жұмысына жоспарлы тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында тағамдардың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, бекітілген ас мәзірінің талапқа сай орындалуы, сондай-ақ оқушыларға ұсынылатын тағамдардың қауіпсіздігі жан-жақты қарастырылды.

Комиссия мүшелері асхананың тазалығына, тағам дайындау үдерісінің ұйымдастырылуына оң баға беріп, оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануына барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

Балаларымыздың денсаулығын сақтау – ортақ міндет. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

https://www.instagram.com/p/DUSZLooikeK/?hl=ru&img_index=1

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: