Мұғалімдер » Страница 7 » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
№148 мектеп-гимназияның 11Б сынып оқушысы Алимбек Айым Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ХІІІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДАН жүлделі ІІІ ОРЫН иеленді
28
желтоқсан
2020
№148 мектеп-гимназияның 11Б сынып оқушысы Алимбек Айым Қазақстан
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 11Б сынып оқушысы Алимбек Айым Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ХІІІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДАН жүлделі ІІІ ОРЫН иеленді. Пән мұғалімдері Тәлен Салтанат, Мамытова Зульфия, Ниязбекова Ақмарал, Балқыбекова Рабиға. Ұстаздар мен мектеп үмітін ақтаған Айым шәкіртімізді құттықтаймыз! Мақтан етеміз! Болашақ - білімді жастардың қолында!  
№148 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі, мектептегі "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының төрайымы Бектасова Алмагүл Ибраимқызы еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің АЛҒЫС ХАТЫН иеленді
22
желтоқсан
2020
№148 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі, мектептегі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі, мектептегі "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының төрайымы Бектасова Алмагүл Ибраимқызы еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімі Гүлнар Кокебаеваның АЛҒЫС ХАТЫН, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашеваның ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫН иеленді. Құттықтаймыз!
"Turan School Science Project-2020" қалалық конкурсы
10
желтоқсан
2020
"Turan School Science Project-2020" қалалық конкурсы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 6Б сынып оқушылары Тукенов Дәулет пен Шаяхмет Дінмұхамед ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ұйымдастыруымен өткен, мектеп оқушылары арасындағы "Turan School Science Project-2020" қалалық конкурсының математика пәні бойынша I ДӘРЕЖЕЛІ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ атанды. Жетекшісі Базарбаева Крымызы Женисбаевна.
Ғылыми жоба - 2020
08
желтоқсан
2020
Ғылыми жоба - 2020
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның оқушылары желтоқсан айының 3-ші және 8-ші жұлдызы күндері аралығында «Дарын» қалалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысты. Конкурс алғаш рет онлайн түрде өтті. Мектебімізден 15 жұмыс, 26 оқушы өз жұмыстарын өткізген болатын. Іріктеу кезеңнен 7 жұмыс 13 оқушы қорғауға жіберілді. Әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: Әдебиет секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Амангелді Мирас І -орын алды. Жетекшісі:
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты Тұңғыш Президент күніне арналған қалалық эссе байқауының жүлдегері
02
желтоқсан
2020
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты Тұңғыш Президент күніне
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тайтулеева Индира Бақытжанқызы "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты Тұңғыш Президент күніне арналған қалалық эссе байқауынан жүлделі ІІІ ОРЫН иеленді. 
"АЙБЫН" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жарысы
28
қараша
2020
"АЙБЫН" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жарысы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушылары, Алматы қаласының "Барыс" әскери-патпиоттық клубының мүшелері Орымбек Әділет, Мухаметказиев Алмас, Нұрмұханов Елнұр "АЙБЫН" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында 37 команданың ішінде 6 орынға табан тіреді. Оқушыларымызды бұл сайысқа дайындаған алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Мұратов Марат. 
ҚАЛАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесі
21
қараша
2020
ҚАЛАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімдері, тәлімгері Абаева Оразбиби Бекбергеновна мен жас маман Тайтулеева Индира Бактыжановна Тәлімгер мен жас маманның үйлесімді шығармашылықпен нәтижелі жұмыс ұйымдастырғаны үшін ҚАЛАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесіне қатысып жүлделі ІІ ОРЫНға ие болды.
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық әль Фараби атындағы жаратылыстану - математика пәндері бойынша 10-сыныптарға арналған олимпиада қорытындысы
18
қараша
2020
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығының
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық әль Фараби атындағы жаратылыстану - математика пәндері бойынша 10-сыныптарға арналған олимпиада қорытындысы бойынша №148 мектеп гиназияның 10 "В" сынып оқушылары Сергей Қайыржан Әбіләкім Әлішер Әлімжан Аяулым жүлделі ІІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі Шойбек Анар Қалибекқызы. 
"Қош келдің, Алтын күз" атты Республикалық жас таланттар байқауы
18
қараша
2020
"Қош келдің, Алтын күз" атты Республикалық жас таланттар байқауы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 3Ғ сынып оқушысы ТЛЕУХАН АМИНА Республикалық "Өрлеу" порталының және "МediaBilim" ақпараттық танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен "Қош келдің, Алтын күз" атты Республикалық жас таланттар байқауының "Үздік қолөнер" номинациясы бойынша қатысып, шығармашылық дарынымен ерекшеленіп І ОРЫН иеленді. Жетекшісі Нұрсеитова Әлия.
"Ұла даланың Ұлы есімдері" (Абай, Әл-Фараби) тақырыбындағы орта білім беру ұйымдарының мектеп бітіруші түлектері арасында қашықтықтан өткен ҚАЛАЛЫҚ үздік эссе байқауы
17
қараша
2020
"Ұла даланың Ұлы есімдері" (Абай, Әл-Фараби) тақырыбындағы орта білім
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 11Б сынып оқушысы Кеңес Марал "Ұла даланың Ұлы есімдері" (Абай, Әл-Фараби) тақырыбындағы орта білім беру ұйымдарының мектеп бітіруші түлектері арасында қашықтықтан өткен ҚАЛАЛЫҚ үздік эссе байқауынан жүлделі ІІ ОРЫН иеленді. Жетекшісі Сагимова Гүлнұр Көзтайқызы.