Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ" атты Республикалық көркемсурет байқауы
24
желтоқсан
2019
"ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ" атты Республикалық көркемсурет
№148 мектеп-гимназияның 7Г сынып оқушысы СЫБАН НҰРТІЛЕУ Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына байланысты мектеп оқушылары, колледждер арасындағы "ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ" атты Республикалық көркемсурет байқауында БАС ЖҮЛДЕ иеленді. Құттықтаймыз! 
Балалар арасында көркем гимнастикадан өткен "Чудо снежинки" чемпионаты
18
желтоқсан
2019
Балалар арасында көркем гимнастикадан өткен "Чудо снежинки" чемпионаты
Жетісу ауданы № 148 мектеп-гимназияның 1Ғ сынып оқушысы САЙДАХМЕТОВА АЙЫМГҮЛ Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар арасында көркем гимнастикадан өткен "Чудо снежинки" чемпионатында жүлделі І ОРЫН иеленді. Құттықтаймыз! Мақтан тұтамыз! 
«Тәуелсіздік – мәңгілік елімнің алтын діңгегі»
13
желтоқсан
2019
«Тәуелсіздік – мәңгілік елімнің алтын діңгегі»
Желтоқсан көтерілісі бүкіл   әлемдік үлкен өзгерістерге ұйытқы болды десек, артық айтпаймыз. Келмеске кеткен Кеңес Одағының ыдырауы, социалистік лагердің күйреуі, коммунистік идеялардың күлінің көкке ұшуы, қысқасы, бүгінгі бүкіл жаңарудың барлығы  Желтоқсан көтерілісінен бастау алғаны ақиқат. Жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті.  Иә, бостандық, теңдік тәуелсіздік те өз бетімен келген жоқ!   Қазақ халқы өзінің ұлттық намысын,
Таеквандодан (WT) өткен Республикалық турнир жеңімпазы
13
желтоқсан
2019
Таеквандодан (WT) өткен Республикалық турнир жеңімпазы
Жетісу ауданы № 148 мектеп-гимназияның 11А сынып оқушысы ОРЫМБЕК НҰРЛЫБЕК Райымбек батырды еске алуға арналған Таеквандодан (WT) Республикалық турнирде жүлделі І ОРЫН иеленді. Жаттықтырушысы Карменов Темірлан. Құттықтаймыз!   
"ҚҰЛАГЕР" театр үйірмесінің оқушылары
13
желтоқсан
2019
"ҚҰЛАГЕР" театр үйірмесінің оқушылары
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның "ҚҰЛАГЕР" театр үйірмесінің оқушылары Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы "САМҰРЫҚ" өнер байқауына қатысып БАС ЖҮЛДЕ иеленді. Жетекшілері Сайлыбаев Бағашар мен Какимова Айнұр. Құттықтаймыз! 
Қалалық эссе байқауы
13
желтоқсан
2019
Қалалық эссе байқауы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 6"Ғ" сынып оқушысы Оразалы Еркежан Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "The role of the teacher in my life" атты қалалық эссе байқауынан жүлделі ІII ОРЫН иеленді. Жетекшісі Уақбаева Динара Оралбекқызы. 
Қалалық эссе байқауы
13
желтоқсан
2019
Қалалық эссе байқауы
№148 мектеп-гимназияның 11"А" сынып оқушысы Ахметова Камила Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "The role of the teacher in my life" атты қалалық эссе байқауынан жүлделі І ОРЫН иеленді. Жетекшісі Мустафаева Гүлмира. 
Қалалық эссе байқауы
12
желтоқсан
2019
Қалалық эссе байқауы
№ 148 мектеп-гимназияның 8"Д" сынып оқушысы Таубалды Ажар Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Almaty is my favourite city" атты қалалық эссе байқауынан жүлделі ІІІ ОРЫН иеленді. Жетекшісі Құрманбаева Динара. 
"Алматы ақшамы" басылымында жарық көрген мақала
12
желтоқсан
2019
"Алматы ақшамы" басылымында жарық көрген мақала
№ 148 мектеп-гимназияның 11Ә сынып оқушасы Чакчабаева Илананың "АМАНАТҚА АДАЛ БОЛАМЫЗ!" тақырыбында жазған мақаласы "Алматы ақшамы" басылымында жарық көрді. 
БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ турнирдегі жеңіс
12
желтоқсан
2019
БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ турнирдегі жеңіс
Жетісу ауданы №148  мектеп-гимназияның 8Г сынып оқушысы ӘДІЛЖАН ЕРЛАН Молдованың Бэльцы қаласында өткен Украина, Польша, Румыния, Молдова, Өзбекістан, Белорусия, Кипр, Россия мемлекеттерінен спортшылар қатысқан БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ турнирде жүлделі І ОРЫН иеленді. Өз салмағы мен жасындағы бірталай мемлекеттің спортшыларынан суырылып шығып, жеңіс тұғырына шыққан оқушымызбен мақтанамыз!