Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында «Сандар мен кодтар әлемінде» атты математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Калдыбек Әмір 11 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс». Сабақтың басында оқушылар қазақтың көрнекті ғалымы Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтің сыныпқа арналған тілегін тыңдады. Мұғалім жаңа тақырыпты қысқаша слайд арқылы түсіндіріп, оқушылардың белсенділігін арттырды.