Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас мамандар онкүндігі – кәсіби дамудың жаңа кезеңі
06
сәуір
2026
Жас мамандар онкүндігі – кәсіби дамудың жаңа кезеңі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында жас мамандар онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Аталған онкүндік жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби шеберлігін шыңдауға және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаң болып табылады. 06–16 сәуір аралығында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар және түрлі тренингтер ұйымдастырылып, заманауи педагогикалық тәжірибелермен алмасу жүзеге асырылады. Бұл бастама жас ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа идеяларды жүзеге асыруға
Жаңа Қазақстан: білімге негізделген даму
06
сәуір
2026
Жаңа Қазақстан: білімге негізделген даму
 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 11-сынып білім алушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында білім беру саласына қатысты айқындалған негізгі басымдықтар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, білімнің қоғамдағы рөлі, оның мемлекет
Жас ұстаздар онкүндігіне қатысуға шақырамыз!
04
сәуір
2026
Жас ұстаздар онкүндігіне қатысуға шақырамыз!
Хабарландыру Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 06–16 сәуір аралығында жас мамандар онкүндігі өтеді. Аталған онкүндік аясында жас педагогтер ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, тренингтер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөліседі. Бұл кезең олардың кәсіби шеберлігін арттырып, жаңа педагогикалық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Баршаңызды жас мамандарға қолдау көрсетуге шақырамыз! Толық ақпаратты бейнероликтен көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DW1px5iis9q/?hl=ru
Табиғатты қорғау – әр оқушының міндеті
01
сәуір
2026
Табиғатты қорғау – әр оқушының міндеті
1 сәуір – Құстар күніне орай №148 мектеп-гимназиясының 5 «В» сынып оқушылары қолдан құстарға арналған ұяшықтар жасап, оларды сыныптарының маңына іліп қойды. Іс-шара оқушылардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды. Сынып жетекшісі Тұрсынгожина Айдана Қуанышқызының басшылығымен ұйымдастырылған бұл игі бастама оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Осындай тәрбиелік
Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік
30
наурыз
2026
Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында білім алушыларға жалған ақпарат таратудың қоғамға тигізетін кері әсері түсіндіріліп, оның құқықтық салдары мен заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, ақпаратты дұрыс қабылдау, саралау және оны жауапкершілікпен тарату мәдениеті туралы маңызды түсініктер қалыптастырылды. Аталған сынып сағаты оқушылардың
№4 педагогикалық кеңес: мектеп пен ата-ана серіктестігі
27
наурыз
2026
№4 педагогикалық кеңес: мектеп пен ата-ана серіктестігі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңестің тақырыбы: «Мектеп пен ата-ана – табысты тұлға дамуының серіктестері». Күн тәртібінде 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсан қорытындысы қарастырылып, білім сапасына талдау жүргізілді. Сонымен қатар, тоқсандық нәтижелер салыстырылып, оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуы және оқу үлгерімін арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Практикалық бөлімде отбасылық құндылықтарды
№4 әдістемелік кеңес: жан-жақты тұлға қалыптастыру жолдары
26
наурыз
2026
№4 әдістемелік кеңес: жан-жақты тұлға қалыптастыру жолдары
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Пәнаралық сабақтастық – тұлғаның жан-жақты дамуының негізі» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды: 🔹 STEM технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту Баяндамашы: химия пәнінің мұғалімі Тален С.И. 🔹 Оқушыға заманауи білім беру арқылы құндылықтар мен дағдыларды дамыту Баяндамашы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сагимова Г.К. 🔹 Шетел тілдері (ағылшын) кафедрасы, эстетика бірлестігі және
Білім берудегі заманауи тәсілдер – кәсіби дамудың кепілі
20
наурыз
2026
Білім берудегі заманауи тәсілдер – кәсіби дамудың кепілі
Алматы қаласы Білім басқармасы және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 19–20 наурыз күндері көктемгі каникул кезеңінде «Бастауышта STEM және пәнаралық оқыту арқылы функционалды және ғылыми сауаттылықты дамыту» тақырыбында каскадты оқыту курс-практикумы өткізілді. Аталған курс Сингапур мемлекетінің озық тәжірибесін таратуға бағытталып, білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізудің тиімді жолдарын қарастырды.
Тағдыр тәлкегі мен қоғам шындығы: «Бақытсыз Жамал»
18
наурыз
2026
Тағдыр тәлкегі мен қоғам шындығы: «Бақытсыз Жамал»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 8 «А» сынып оқушылары қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы – «Бақытсыз Жамал» романын оқып, шығармаға мазмұндық және тәрбиелік тұрғыда талдау жасады. Сабақ барысында білім алушылар шығарманың негізгі кейіпкерлерін, сюжеттік желісін және автор көтерген өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кейіпкерлер тағдыры оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін кеңейтті. Аталған шығарма – қазақ
«№148 мектеп-гимназия 11 сынып оқушысы Шаяхмет Дінмұхамед республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІ орынға ие болды»
10
наурыз
2026
«№148 мектеп-гимназия 11 сынып оқушысы Шаяхмет Дінмұхамед
№148 мектеп-гимназия оқушылары республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде тамаша нәтижеге қол жеткізді. Жүлдегер: Химия пәні, 11 сынып: Шаяхмет Дінмұхамед – ІІ орын Шаяхмет Дінмұхамедті шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік оқушылардың ғылыми қызығушылығын арттырып, басқа қатысушыларға да білімдерін шыңдауға және жаңа жетістіктерге жетуге мотивация болсын.