Жас мамандар онкүндігі: өнермен өрілген жарқын финал
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында жас мамандар онкүндігі аясында мазмұнды және шығармашылыққа толы «Екі жұлдыз» қорытынды іс-шарасы ұйымдастырылып, онкүндік салтанатты түрде жабылды. Іс-шара барысында жас мамандар мен тәлімгерлер өз өнерлерін ортаға салып, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар қазақ және ағылшын тілдерінде ән орындап, би билеп, көркем прозадан үзінді оқып, сондай-ақ қолөнер бұйымдарын таныстырып, жоғары деңгейдегі өнерлерімен көрермен ықыласына