Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған биология сабағы
11
ақпан
2026
Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған биология
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» атты онкүндігі аясында Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясы биология пәні мұғалімі Балкыбекова Рабиға 8«А» сыныбында «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға бұлшық ет ұлпаларының құрылымдық ерекшеліктері мен атқаратын қызметін ғылыми негізде түсіндіру, теориялық білімді тәжірибелік тапсырмалармен ұштастыру
«Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
11
ақпан
2026
«Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы» тақырыбында ашық сабақ
Жаратылыстану бірлестігі кафедрасының «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» атты онкүндігі аясында 11.02.2026 күні 8 «Г» сыныбында «Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты география пәнінің мұғалімі Есимова Меруерт Дюсеновна жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақ барысында білім алушылар географиялық қабықтың құрамдас бөліктері,
География пәнінен ашық сабақ: «Топырақтың экологиялық проблемалары»
10
ақпан
2026
География пәнінен ашық сабақ: «Топырақтың экологиялық проблемалары»
10.02.2026 күні география пәнінің мұғалімі Айжан Онгарбековна Онланбекова 7 «Б» сыныбымен «Топырақтың экологиялық проблемалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи және тиімді оқыту әдістері қолданылды. Топтық, жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін әртүрлі форматта көрсете алды. Үй тапсырмасы «Боулинг» әдісі арқылы пысықталып, Wordwall платформасы көмегімен картамен жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар,
«VECTOR – ой бағыты» зияткерлік сайысы
10
ақпан
2026
«VECTOR – ой бағыты» зияткерлік сайысы
10.02.2026 күні мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында физика пәнінен «VECTOR – ой бағыты» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру болды. Сайыс барысында қатысушылар түрлі есептер шығарып, жылдамдық пен дәлдікті талап ететін тапсырмаларды орындады. Оқушылар өз білімдерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Жарыс
Жаратылыстану ғылымдары – зерттеу мен инновациялар бастауы
09
ақпан
2026
Жаратылыстану ғылымдары – зерттеу мен инновациялар бастауы
Мектебімізде жаратылыстану ғылымдары онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеу мен инновациялар бастауы» атты онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Ашылу рәсімінде ғылымның қоғам дамуындағы рөлі, зерттеу жұмыстарының маңызы мен инновацияның болашаққа бастар жолы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, алдағы онкүндік барысында өткізілетін
Ашық сабақ: «Галогендердің қасиеттері»
09
ақпан
2026
Ашық сабақ: «Галогендердің қасиеттері»
Мектебімізде химия пәні мұғалімі Тәлен Салтанат Ибатқызы 10 «Ә» сыныбымен «Галогендердің қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ STEM технологиясы негізінде ұйымдастырылып, білім алушылардың зерттеушілік, тәжірибелік және жобалық дағдыларын дамытуға бағытталды. Сабақ барысында оқушылар ғалымдар рөлінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, технологтар ретінде виртуалды зертханада улы хлор газын алу үдерісін модельдеді. Сонымен қатар инженерлер тобы су тазарту қондырғысының макетін жасап,
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті
06
ақпан
2026
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушылары арасында «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өткізілді. Бұл кезеңде оқушылар тек математика пәні бойынша білімдерін сынады. Олимпиадаға 10 оқушы қатысты. Қатысушылардың нәтижелері жақын арада жарияланады, ал аудандық кезеңге қатысатын оқушылардың тізімі нәтижелер анықталған соң белгілі болады. Алдағы аудандық кезеңде оқушылар білімдерін келесі пәндер бойынша тексеретін болады: Математика Жаратылыстану Оқу сауаттылығы
Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда
03
ақпан
2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда
Мектеп басшылығының қатысуымен 10-сынып оқушылары (ұлдар) арасында тәрбиелік бағыттағы жиналыс өткізілді. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, жеке жауапкершілік пен әдеп нормаларын ұстану мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға құқықтық нормаларды сақтау, қоғамдағы және мектептегі мінез-құлық мәдениеті, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы нақты мысалдар арқылы жеткізілді. Сонымен қатар, ашық пікір алмасу
Ағылшын тілі апталығы «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбымен қорытындыланды
02
ақпан
2026
Ағылшын тілі апталығы «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбымен қорытындыланды
02.02 күні мектепте ағылшын тілі апталығының жабылу салтанаты «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Уильям Шекспирдің шығармашылығымен танысты. «Ромео мен Джульетта» трагедиясынан үзінділер сахналанып, кейіпкерлер бейнесі көркем әрі әсерлі түрде ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар Шекспирдің сонеттерін мәнерлеп оқып, көрермендерге рухани әсер сыйлады. Ағылшын тілі апталығы аясында ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді қатысқан
Жасанды интеллект пен STEAM бағытындағы аудандық TEDx іс-шарасы
30
қаңтар
2026
Жасанды интеллект пен STEAM бағытындағы аудандық TEDx іс-шарасы
30 қаңтар күні №148 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аудандық TEDx форматындағы танымдық іс-шара өткізілді. Аталған шараға аудан мектептерінен келген дарынды оқушылар қатысып, білім мен идеялар тоғысқан үлкен алаңда бас қосты. Іс-шара екі кезең бойынша ұйымдастырылды. I турда қатысушылар «Жасанды интеллект» тақырыбы аясында 1,5–2 минут көлемінде өз ойларын еркін жеткізді. Оқушылардың ой ұшқырлығы, сөйлеу мәдениеті мен заманауи көзқарасы қазылар алқасы