Сингапурлық тәжірибе – білім сапасына жаңа серпін!
Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында Қазақстанның білім жүйесіне әлемдік тәжірибені енгізу, PISA және TIMSS талаптарына сай жаратылыстану мен математикалық сауаттылықты арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерінен жетекші тренерлер даярлануда.
Осы бағдарлама аясында №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нұргожина Ляйля Каскановна Сингапур мемлекетінде тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибе жинақтады.
31 қазан күні ұстазымыз Сингапурлық озық тәжірибені тарату мақсатында каскадты курс-практикум өткізді. Курс барысында Ляйля Каскановна Сингапурдың білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен, PISA және оқу сауаттылығы бағыттарымен бөлісіп, STEM технологиясы арқылы пәндердің өзара байланысын нақты тәжірибелермен көрсетті.
Практикум мұғалімдердің кәсіби дамуына, оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған мазмұнды әрі нәтижелі шара болды.
https://www.instagram.com/p/DQhCV-Iitx6/?hl=ru&img_index=3
