Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық семинар-практикум: Жасанды интеллект пен STEM әдістерін сабақта қолдану тәжірибесі
19
желтоқсан
2025

Республикалық семинар-практикум: Жасанды интеллект пен STEM әдістерін сабақта қолдану тәжірибесі

“Өрлеу БАҰО” АҚФ “Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының” жаратылыстану-математика бағытындағы кафедрасымен бірлесіп, ЖББМ №133 мектеп-гимназиясында «Сабақтарда нейрожелілер мен жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбында республикалық семинар-практикум өткізілді.

Іс-шараға еліміздің әртүрлі өңірлерінен педагогтер қатысып, жасанды интеллект саласындағы соңғы үрдістер мен заманауи инновациялық әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибе алмасты.

Семинар барысында Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нұрғожина Ляйля Қасқановна Сингапурлық білім беру жүйесіне негізделген «Оқушы тәжірибесі арқылы оқыту: STEM әдісінің тиімділігі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Ұсынылған тәжірибе ұстаздар қауымы тарапынан мазмұнды, тәжірибеге бағытталған әрі құнды инновациялық әдіс ретінде жоғары бағаланды.

https://www.instagram.com/p/DSaAXoXCn9I/?hl=ru​​​







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: