Daryn Bagdar платформасымен бірлескен кәсіби бағдар тестілеуі өтті
Кәсіби бағдар беру бағытында маңызды жұмыс жүргізілді
21.11.2025 күні №148 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушылары үшін Daryn Bagdar платформасымен бірлескен кәсіби бағдар тестілеуі ұйымдастырылды.
Өткізілген тест түрлері:
11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар тесті;
AI-профориентатор тесті;
Дэн Олвеустың «Буллинг» психологиялық тесті.
Қатысушылар туралы ақпарат:
Оқушылар саны: 20
Педагог-профориентатор: Бесбай Гүлмира
Тестілеу уақыты: 11:00–11:25
Тестілеу жоғары деңгейде өткізілді, техникалық ақаулар тіркелген жоқ. Барлық нәтижелер Daryn Bagdar платформасында сақталды.
Іс-шара барысында оқушылар өз қызығушылықтары мен қабілеттерін бағалап, болашақ мамандық бағыттарын анықтауға мүмкіндік алды.
Кәсіби бағдар беру саласындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Daryn Bagdar платформасы – кәсіби бағдар жұмысына арналған тиімді әрі заманауи құрал.
https://www.instagram.com/p/DReD3AlCjx6/?hl=ru&img_index=4
