Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі
Алматы – еліміздің Тәуелсіздік тарихында айрықша орны бар, мемлекетіміздің рухани, мәдени әрі ғылыми орталығы ретінде қалыптасқан айбынды шаһар. Бүгінде бұл көрікті қала Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бастамаларды қолдап, заң мен тәртіп үстемдік құрған, бірлік пен тұрақтылықты ту еткен мегаполис ретінде дамуын жалғастыруда.
Алматы – «Таза Қазақстан» жобасын қолдайтын жасыл қала. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, тазалық пен жауапкершілікті насихаттау – ортақ міндетіміз. Бұл бағытта білім беру ұйымдары да белсенділік танытып, өскелең ұрпаққа табиғатты аялау құндылығын сіңіруде.
Адал азамат, адал еңбек, адал табыс қағидаттарын ұстанған өркениетті қоғам қалыптастыру – басты мақсаттардың бірі. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу – білім ордаларының маңызды міндеті.
Жаңа Конституция – жаңа белес. Еліміздің Ата Заңы – тұрақтылық пен дамудың берік кепілі. Құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамдар әрбір азаматтың саналы көзқарасы мен белсенді ұстанымына байланысты.
Алматы – болашаққа сеніммен қадам басқан, жаңашылдық пен жасампаздықты үйлестірген қала. Біз бірлесе отырып, әділетті, таза, заң үстемдік құрған қоғам құруға атсалысамыз.
https://www.instagram.com/p/DUpMk6oCjTv/?hl=ru






