География пәнінен ашық сабақ: «Топырақтың экологиялық проблемалары»
10.02.2026 күні география пәнінің мұғалімі Айжан Онгарбековна Онланбекова 7 «Б» сыныбымен «Топырақтың экологиялық проблемалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи және тиімді оқыту әдістері қолданылды. Топтық, жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін әртүрлі форматта көрсете алды.
Үй тапсырмасы «Боулинг» әдісі арқылы пысықталып, Wordwall платформасы көмегімен картамен жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, тәжірибелік жұмыстар сәтті орындалып, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артты.
Сабаққа қатысқан оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. Мұндай тәжірибелік бағыттағы сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын күшейтіп, білімді практикалық тұрғыда қолдануға мүмкіндік береді.
Толығырақ ақпаратты Instagram парақшаларымыздан көре аласыздар! https://www.instagram.com/p/DUuurHtCgJ0/?hl=ru








