«Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» онкүндігі аясында мазмұнды кездесу өтті
Аталған шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Биология» кафедрасының ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессоры, білікті ғалым Анарбекова Гульшат Джумабаевна арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды сұхбат құрды.
Кездесу барысында қонақ оқушыларға ғылымның қыр-сыры, заманауи зерттеулер мен биология саласындағы инновациялық бағыттар жөнінде терең мағлұмат беріп, жас ұрпақты білім мен ізденіске, ғылыми жаңалықтарға құштар болуға үндеді. Ғалымның мазмұнды дәрісі мен өмірлік тәжірибесі білім алушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыра түсті.
Осындай тағылымды басқосулар – мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтып, болашақ зерттеушілердің қалыптасуына жол ашатын маңызды қадам. Ғылым мен білім тоғысқан бұл кездесу жас буынның жүрегіне сенім ұялатып, үлкен мақсаттарға жетелейтін жарқын шаралардың біріне айналды.
https://www.instagram.com/p/DU8kncuCunL/?hl=ru
















