«Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Жаратылыстану бірлестігі кафедрасының «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» атты онкүндігі аясында 11.02.2026 күні 8 «Г» сыныбында «Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақты география пәнінің мұғалімі Есимова Меруерт Дюсеновна жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды.
Сабақ барысында білім алушылар географиялық қабықтың құрамдас бөліктері, олардың өзара байланысы мен заңдылықтары туралы жан-жақты мағлұмат алып, теориялық білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекітті. Оқушылар белсенді қатысып, сыни ойлау дағдыларын көрсетті.
Мұндай ашық сабақтар тәжірибе алмасуға, педагогикалық шеберлікті арттыруға және білім сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
https://www.instagram.com/p/DU--v4GCgHW/?hl=ru

















