25
ақпан
2026
«Жырлайды жүрек» – поэзияға толы көңілді үзіліс
Мектебіміздің кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби іс-шара ұйымдастырылды.
Көңілді үзіліс аясында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, олардың мазмұнына терең талдау жасады. Атап айтқанда, Әділжан Бекарыс «Үш бақытым» өлеңін, ал Тұрар Злиха «Автограф» өлеңін нақышына келтіре орындап, шығармалардың идеялық мәні мен тәрбиелік маңызын ашып көрсетті.
Шара барысында оқушылар поэзияға деген сүйіспеншіліктерін танытып, ақын шығармашылығы арқылы отансүйгіштікке, адамгершілікке және рухани құндылықтарды бағалауға үндейтін ойларымен бөлісті.
Мұндай әдеби кездесулер жас ұрпақтың көркем сөзге қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байыта түсетіні сөзсіз.
https://www.instagram.com/p/DVK_d33ikjM/?hl=ru










