26
ақпан
2026
«Төрт түлікке арналған әндер мен күйлер» тақырыбында ашық сабақ өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының 1«Г» сыныбында «Төрт түлікке арналған әндер мен күйлер» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар ұлттық музыка мұрасымен танысып, төрт түлікке байланысты әндер мен күйлердің мазмұны мен тәрбиелік мәнін зерделеді. Халық шығармалары арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы және рухани құндылықтары кеңінен насихатталды.
Оқушылардың белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы сабақтың мазмұнын тереңдете түсіп, оқу үдерісінің нәтижелілігін арттырды.
Пән мұғалімі — Дүзенова Жанат Оразбайқызы.
https://www.instagram.com/p/DVLk9tLivCX/?hl=ru