27
ақпан
2026
«Қылқалам құдіреті» – рухани серпіліс пен шығармашылық тынығу
№148 мектеп-гимназиянда Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің «Шабыт үштігі – ән, қимыл, еңбек» атты онкүндігі аясында “Қылқалам құдіреті” тақырыбында мұғалімдер арасында өнер студиясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Өнер студиясы барысында қатысушылар қылқалам мен бояу арқылы өз идеяларын бейнелеп, шығармашылық ізденістің ерекше атмосферасын сезінді.
Сиқырлы бояулар әлеміне жасалған бұл шығармашылық саяхат ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кәсіби шабыттарын арттыруға ықпал етті.
Осындай мазмұнды шаралар педагогтердің рухани дамуына серпін беріп, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға өз үлесін қосады.
https://www.instagram.com/p/DVPw1SECrYK/?hl=ru





