Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 148 мектеп-гимназиясында «Буккросинг – өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» акциясы өтті
09
наурыз
2026

148 мектеп-гимназиясында «Буккросинг – өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» акциясы өтті

Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған бұл акция оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және сынып ішінде шығармашылық ой бөлісуге арналған. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқып шыққан қызықты кітаптарды сыныптарына ұсынып, мазмұны мен ерекше тұстарын қысқаша әңгімеледі.
Арнайы назар 1 сынып оқушыларына аударылды: жасөспірімдерге кітап оқуды сүйікті іс ретінде қалыптастыру, оқуға деген ынтасын арттыру – мектептің басты мақсаттарының бірі. Бұл іс-шара оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.
Қатысқан оқушылар: 1 «В» сынып, 27 оқушы.

Сынып жетекшісі: Нургожина Ляйля
«Буккросинг» акциясы – өзің оқыған кітапты өзгелермен бөлісу арқылы білім мен шығармашылыққа жол ашатын керемет дәстүр. Осындай шаралар арқылы әр оқушының кітапқа деген қызығушылығы артып, мектеп қауымдастығында оқу мәдениеті нығая түседі.

https://www.instagram.com/p/DVkXWaxihL4/?hl=ru














Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: