Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім берудегі заманауи тәсілдер – кәсіби дамудың кепілі
20
наурыз
2026

Білім берудегі заманауи тәсілдер – кәсіби дамудың кепілі

Алматы қаласы Білім басқармасы және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 19–20 наурыз күндері көктемгі каникул кезеңінде «Бастауышта STEM және пәнаралық оқыту арқылы функционалды және ғылыми сауаттылықты дамыту» тақырыбында каскадты оқыту курс-практикумы өткізілді.
Аталған курс Сингапур мемлекетінің озық тәжірибесін таратуға бағытталып, білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізудің тиімді жолдарын қарастырды.
Курс-практикум барысында №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, Сингапур мемлекетінде тағылымдамадан өткен педагог-тренер Нургожина Ляйля Каскановна тәжірибе алаңында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді. Әсіресе, мәтінмен жұмыс жасау арқылы функционалдық оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған PIRLS форматындағы тапсырмалар тәжірибелік тұрғыда жоғары бағаланды.
Әріптесімізге шығармашылық табыс пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз! 

Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DWVZ8lvCoHK/?hl=ru
















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: