Зорлық-зомбылықтың алдын алу – басты міндет
Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары арасында «Күш қолдану – қылмысқа апарар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға зорлық-зомбылықтың, ұрып-соғудың және өзге де күш қолдану әрекеттерінің құқықтық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында жоғары сынып оқушыларына әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері, құқықбұзушылықтың салдары, буллинг пен әлімжеттіктің зияны туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын талқылады. Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы жоғары сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және зорлық-зомбылыққа жол бермеу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.
https://www.instagram.com/p/DU0NOV8ihPJ/?hl=ru