Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әскерге бару – әрбір ер азаматтың борышы
14
сәуір
2026

Әскерге бару – әрбір ер азаматтың борышы

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Құлагер ықшам ауданында орналасқан №148 мектеп-гимназиясында «Әскерге бару – әрбір ер азаматтың борышы» тақырыбында үгіт-насихат іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Алматы қаласы Жетісу ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдерінің шақыруымен өткізілді. Кездесуге Алматы қаласы ГКӘТ–ВКШӘТ ардагерлері РҚБ филиалының өкілдері қатысып, білім алушыларға Отанды қорғау – әрбір ер азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті екенін кеңінен түсіндірді.

Шара барысында ардагерлер жастармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, әскери қызметтің маңыздылығы туралы мазмұнды әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, оқушыларға патриоттық рухты нығайтуға бағытталған ақыл-кеңестер берілді.

Іс-шараға қатысқан қонақтар құрамы:

  • Супиев Асимжан Незамович
  • Ахылбеков Мамырбай Паширалиевич
  • Жетісу ауданы ҚІБ мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесінің бастығы, лейтенант Ершенова Салтанат Мажитбековна
  • Жетісу ауданы инспекторы Рамазанова Жанар Амангельдиновна

Аталған іс-шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға және әскери қызметке деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Іс-шараның бейнематериалын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. 
https://www.instagram.com/p/DXFGSXfCqGX/?hl=ru













Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: