Буллингтің алдын алу – ортақ міндет
№148 мектеп-гимназиясында буллингтің алдын алу тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға буллинг ұғымын түсіндіру, оның алдын алу жолдарын қарастыру және балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған тиімді тәсілдерді талқылау болды.
Іс-шара барысында буллингтің түрлері, себептері мен салдары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, ата-аналарға бала тәрбиесінде назар аударуға тиісті маңызды мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігі атап өтілді.
Жиналыс соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, өзекті сұрақтарын қойды. Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына ықпал етеді.
Іс-шараның бейнематериалын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DXFNPFjisJW/?hl=ru








