Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күй күмбірі» – Наурыз мерекесіне арналған рухани кеш
19
наурыз
2026

«Күй күмбірі» – Наурыз мерекесіне арналған рухани кеш

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы қарсаңында мектебімізде ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған «Күй күмбірі» атты мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында домбыра үні арқылы халқымыздың терең тарихы мен рухани мұрасы кеңінен насихатталды. Білім алушылар қазақтың көрнекті күйшілерінің шығармаларын орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Күй өнері арқылы ұлттық құндылықтар дәріптеліп, жас ұрпақтың бойында рухани және патриоттық тәрбие қалыптастыруға ерекше мән берілді. Әрбір орындалған шығарма ел тарихы мен мәдениетінің тереңдігін айқындай түсті.
Аталған іс-шара Наурыз мейрамының мазмұнын тереңдете түсіп, ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!


Толық бейнероликті төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DWDsF0wihR1/?hl=ru





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: