21
сәуір
2026
Мектепке алғашқы сапар: бүлдіршіндер күні
Мектебімізге балабақшаның кішкентай бүлдіршіндері қонаққа келіп, үлкен мектеп өмірімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
Балғын қонақтар бастауыш сынып сабақтарына қатысып, өздерін нағыз оқушы ретінде сезініп көрді. Сонымен қатар, мектеп кітапханасын аралап, қызықты кітаптармен танысып, музейді тамашалап, тарих әлеміне саяхат жасады.
Экскурсия барысында бүлдіршіндер мектеп асханасындағы тамақтану жүйесімен танысып, спорт зал мен бассейнді аралады. Сондай-ақ түрлі үйірмелердің жұмыстарын көріп, әсіресе спорттық және шығармашылық бағыттағы үйірмелерге ерекше қызығушылық танытты.
Мұндай танымдық кездесулер бүлдіршіндердің мектепке деген қызығушылығын арттырып, болашаққа сеніммен қадам басуына ықпал етеді
Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемелерден көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DXZj3sXil84/?hl=ru