19
наурыз
2026
Мектеп қабырғасындағы алғашқы Наурыз – 1 «А» сыныбы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 1 «А» сынып білім алушылары үшін мектеп қабырғасындағы алғашқы Наурыз мейрамы мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұлттық нақышта арнайы дастархан әзірленіп, білім алушылар қазақ халқының дәстүрлі тағамдарынан дәм татты. Әсіресе, Наурыз көжеге ерекше мән беріліп, оның мағынасы мен маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, сынып ішінде қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі сахналанып көрсетілді. Бұл көрініс арқылы оқушылар ұлттық дәстүрдің мәнін тереңірек түсініп, үлкен әсер алды.
Мерекелік бағдарлама аясында білім алушылар түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйде болды. Алғашқы Наурыз мерекесі олардың есінде жарқын сәт ретінде сақталды.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, дәстүрге деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
Толық бейнероликті төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DWEt-yairg_/?hl=ru