24
сәуір
2026
Абай әлемі – рухани кемелдікке бастар жол: кітаппен үндескен онкүндік түйіні
Онкүндік аясындағы 10-шы күн «Кітап әлеміне шақырады» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық ойларды талдап, оның адамгершілік, білім және тәрбие туралы тағылымды нақыл сөздерінің маңызын жан-жақты түсіндірді. Ұлы ақын мұрасының қазіргі қоғамдағы рухани құндылығы ерекше атап өтілді.
Танымдық кездесу оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дүниетанымының кеңеюіне ықпал етті. Абай мұрасы арқылы жас ұрпаққа кітаптың құндылығы мен білімнің маңызы кеңінен насихатталды.
Іс-шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, рухани тағылымға толы әсер алды.
Іс-шараны төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DXgsX30ilFW/?hl=ru







